Елорда • 16 Шілде, 2020

Елордада велосипедті ұрлап кеткен ер адам ұсталды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері велосипедті ұрлап кеткен қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада велосипедті ұрлап кеткен ер адам ұсталды

"Байқоңыр" аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 32 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді.

Тергеу барысында ағымдағы жылдың 13 шілдесінде ер азамат С.Сейфуллин көшесінде орналасқан паркингте велосипедтің тұрғанын байқаған. Жымысқы ойымен ол велосипедті қолды қылуға тырысады. Алайда ер адамның іс-әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Күдікті кінәсін мойындады. Айғақты зат тәркіленіп, ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Қала тұрғынын уақытша ұстау изоляторына қамады. Енді оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.