Аймақтар • 14 Шілде, 2020

Түркістанда дүкеннен киім ұрлаған күдікті ұсталды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне дүкен иесі арызданады. Белгісіз біреу байқатпастан дүкен мүлкін иемденіп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістанда дүкеннен киім ұрлаған күдікті ұсталды

"Дәніккен қарсақ құлағымен ін қазар" демекші ұрлықшы бұрын да сотты болғанды-мыс. Ол жәбірленушіге 20 мыңнан астам теңгедей шығын келтірген.

Ұрлықшының ісі ҚР ҚК-нің 188 бабы "Ұрлық" бойынша тіркелді. Оқиға орнына дереу келген полиция өкілдері, ұрлықшының ізін суытпай, тінту және тергеу жұмыстарына кірісті. Сондай-ақ куәгерлерден жауап алынып, бейнебақылау камераларын тексергенде, ер адамның ұрлағаны анықталды.

Тергеу барысында ер адам дүкен мүлкін ішінен киіп алған. Солай ізін суытпаққа тырысқан. Жедел іс-әрекеттің барысында ұрлықшы құрықталды. Оның жеке басы мен жергілікті мекенжайы анықталып, айғақты заттарымен бірге қолға түсіп, ісі сот алдына қарауға жіберілді. 

Бұдан бөлек, полиция өкілдері дүкен иелеріне аса мұқият болуын және бейнебақылау камераларына дабыл жүйесін орнатуды сұрады.