
"Қазақстан Республикасында 13 шілде − "Жалпыұлттық аза тұту күні" болып жариялануына байланысты Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы елшілігі бауырлас Қазақстан халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Осындай қиын сәтте бауырлас Қазақстан халқына қолдау білдіру мақсатында елшілік ұлттық туды төмен түсіргенін мәлімдейді", делінген елшіліктің хабарламасында.