Экономика • 08 Шілде, 2020

Коронавируспен ауырып жатқандар несиесін қалай төлейді?

1331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, коронавирус жұқтырып, аурудан емделіп жатқандар екінші деңгейлі банктер мен өзге де қаржылық ұйымдар алдындағы кредит төлеу мерзімі мен шартын өзгерте алады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Коронавируспен ауырып жатқандар несиесін қалай төлейді?

"Біздің мемлекеттік комиссия маусымда бизнесті қолдау жоспарын қабылдады. Оның ішінде бизнес несиелері бойынша кейінге қалдыру тәртібі болды. Арнайы тәртіпті қаржы нарығын реттеу агенттігі 15 маусымда қабылдады. Қарыздар 90 күннен кем емес кезеңге қайта құрылымдау және кейінге қалдыру үшін банктер мен микрокредиттік ұйымдарға жеке тәртіппен жүгінуге болады", - деді вице-министр онлайн-брифингте.

Мәди Тәкиев арнайы комиссия отырысында бизнесті қолдау шарасы қаралғанын атап өтті. Айтуынша, несиені 90 күнге дейін кейінге шегеруге болады. Ол үшін әр адам банкке не қаржылық ұйымдарға жүгінуі керек.

 

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025