Аймақтар • 08 Шілде, 2020

Амандық Баталов астаналық ауруханада емін жалғастыруда

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырып, оқшауланғанын бұған дейін жазған болатынбыз. Қазір облыс басшысының денсаулығы қалыпты екен. Ол Нұр-Сұлтан қаласында ем қабылдауда, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Амандық Баталов астаналық ауруханада емін жалғастыруда

Бұл туралы аймақтағы жұқпалы індетпен күрес шараларының барысы туралы онлайн брифингте есеп берген облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов айтты.

- Екі апта бұрын облыс басшысының денсаулығына қатысты оқшауланғанын білесіздер. Амандық Ғаббасұлы Талдықорғандағы көпсалалы ауруханада ем қабылдаған болатын. Кейіннен дәрігерлердің кеңесі бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы кордиологиялық орталққа ауыстырылды. Дәл қазіргі сәтте облыс әкімі өзін жақсы сезінеді. Жақын күндері сауығып, қызметіне оралады, - деді Батыржан Байжұманов.