Медицина • 01 Шілде, 2020

Дайвинг бетперделері дәрігерлерді коронавирустан қорғайды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус эпидемиясының өршуіне байланысты ауруханаларда қорғаныс құралдары жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан, дәрігерлер  дайвинг бетпердесін қолдана бастады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Дайвинг бетперделері дәрігерлерді коронавирустан қорғайды

Италияның медициналық мекемелері  дәрігер Ренато Фавероның ұсынысымен әзірленген дайвинг бетпердесін қазірдің өзінде пайдаланып жатыр. Ол басқа орталықтардан пайдаланбай жүрген бетперделерін сұрастырып, ел игілігіне асырып жүр.

Бір қызығы, 3D басып шығаратын компанияның көмегімен жоғары әрі тиімді медициналық сүзгілерді орнатуға мүмкіндік беретін арнайы адаптер әзірленген. Вирусан қорғануда кәдімгі медициналық маскадан кем болмайтын бұл бетперделерді АҚШ-тың Өнімдер мен дәрі-дәрмектерді бақылау жөніндегі агенттік те мақұлдап отыр. Дайвинг бетперделері қорғаныс құралдары ретінде өте жақсы жұмыс істейді. Мұқият дезинфекциялаудан кейін оларды қайта пайдалана беруге де болады.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025