Қазақстан • 27 Маусым, 2020

Ерлан Тұрғымбаев БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

763 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасайды.

Ерлан Тұрғымбаев БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

"Құрметті журналистер! Сіздерді бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Журналистің жұмысы қай кезеңде де өте жауапты және құрметті. Журналистер күнделікті ең маңызды жаңалықтарды жеткізіп, үлкен ақпарат ағынындағы бізге дұрыс бағыт ұстануға көмектеседі. Сіздердің арқаларыңызда жалпы қоғам шынайы және объективті ақпаратқа қол жеткізіп отырады.

Бүгінгі таңдағы БАҚ өкілдері дарынды және креативті, өз ісіне берілген мамандар. Сіздер өздеріңіздің жоғары кәсіби біліктіліктеріңізді көрсетіп, міндеттеріңізге адал орындап келесіздер. Отандық журналистика қазақстандықтардың барлық сұранысына толық жауап беріп, аудиторияға әртүрлі және сапалы контент ұсынады деп санаймын.

Газет-журнал, радио және теледидар қызметкерлеріне осы мереке күні зор денсаулық, отбасылық бақыт және жаңа шығармашылық табыстар тілеймін! Тұрақты көрермендеріңіз, тыңдаушыларыңыз бен оқырмандарыңыз көп болсын! – делінген министр Ерлан Тұрғымбаевтың құттықтауында.