Әлем • 22 Маусым, 2020

Талибан 14 ауған тұтқынын босатты

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Талибан" радикалдық ұйымы 14 ауған тұтқынын босатты, деп мәлімдеді Катардағы қозғалыс саяси кеңсесінің өкілі Сухейл Шахин. Бұл туралы РИА НОВОСТИ-ге сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Талибан 14 ауған тұтқынын босатты

"Кабул әкімшілігінің 14 сарбазы мен полициясының тағы бір тобы Логар, Нангархар және Нуристан провинцияларындағы Ислам Эмиратының түрмелерінен босатылып, олардың отбасыларына жіберілді", деп жазды С.Шахин өзінің Twitter парақшасында.

Бұған дейін Ауғанстан Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джавид Фейсал үкіметтің кемінде 3 мың тұтқынды босатқанын мәлімдеді. Осыған сәйкес "Талибан" ауған билігінен АҚШ-пен жасалған келісім негізінде тағы да 5 мың тұтқынды босатуды талап етіп отыр.

Ақпан айының соңына қарай, Катарда өткен салтанатта Америка Құрама Штаттары мен Талибан 19 жылға созылған соғыстың алғашқы бейбіт келісіміне қол қойды. Онда шет елдік әскери күштердің Ауғанстаннан 14 ай ішінде шығарылуы және тұтқындармен алмасу келісімінен кейін ауғанаралық диалогтың басталуы қарастырылған.