Аймақтар • 19 Маусым, 2020

Түркістан облысында 200-ге жуық медицина қызметкері марапатталды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында 5202 дәрігер және 18120 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді. Кәсіби мерекелеріне орай өңірдегі 200-ге жуық медицина қызметкері "Денсаулық сақтау ісінің үздігі",  "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгілерімен, "Құрмет грамотасы" және "Еңбек ардагері" медалімен, сондай-ақ Алғыс хатпен және коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте жүргендер "Халық алғысы" медалімен марапатталды, деп жазады Egemen.kz

Түркістан облысында 200-ге жуық медицина қызметкері марапатталды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбегімен дараланған бірқатар ақ халатты абзал жандарды марапаттады. Карантин режіміне байланысты қалған медицина қызметкерлерінің марапаттары жұмыс орындарына жолданды. Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов өз кезегінде медицина саласын жетілдіру мақсатында, өңірде мамандардың біліктілігін жоғарылату жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті. "Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау» бағдарламасы бойынша 2020 жылдың 5 айында 823 маман біліктілігін арттырды. Оның ішінде 44 маман Ресейдің Новосібір, Санкт-Петербург қалаларында біліктіліктерін арттырып, әріптестерімен тәжірибе алмасты. Биылдың өзінде мамандардың жоғары кәсіби деңгейлерінің арқасында Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 17 және облыстық балалар ауруханасында 80 күрделі ота жасалған. Емдеу мекемелерінің медициналық құрал-жабдықтары да үздіксіз толықтырылуда. Биыл жансақтау бөлімшелері 7 дана лопороскопиялық хирургияға арналған видеоэндоскоптық жиынтықпен, 9 дана ультрадыбыстық жүйелермен, 38 дана наркоз аппараттары мен өкпеге жасанды дем беру құрылғылары, компьютерлік томограф құрал – жабдықтарымен қамтылды", деді басқарма басшысы.