Аймақтар • 16 Маусым, 2020

Атырауда коронавирустан төртінші адам қайтыс болды

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың шеңгелі тағы бір адамның өмірін үзіп жіберді. Бұл жолы Жылыой ауданының 48 жастағы тұрғыны қауіпті індеттен көз жұмған төртінші адам ретінде тіркелді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда коронавирустан төртінші адам қайтыс болды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 1972 жылғы науқастың 13 маусымда дене қызуы көтеріліп,  тыныс алуы қиындап,  аздаған жөтелмен Жылыой аудандық ауруханасына жүгініпті. Дәрігерлер науқасты провизорлық бөлімге жедел жәрдем көлігімен жеткізіпті.  Науқасқа жасалған КТ сараптамасының қорытындысында  өкпесінің 50%-ы қабынғаны расталыпты.

"Жағдайының ауырлығына байланысты инфекциялық аурухананың бокс палатасына жатқызылып, көмек көрсетілді. Облыстық аурухана дәрігерлерінің кеңесімен өкпені жасанды желдету аппаратына қосу туралы шешім қабылданды. Алайда, дәрігерлер тарапынан жасалған көмекке қарамастан, науқас 15 маусым күні қайтыс болды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Науқастың бұрын  денсаулығына байланысты есепте тұрмағаны анықталып отыр.

 

Атырау облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:20

Ілтипат пен ізет үлгісі

Қоғам • Бүгін, 09:55

Халық құрметтеген құтқарушылар

Құтқарушы • Бүгін, 09:35

Антына адал дәрігер

Қоғам • Бүгін, 09:30

Игі істің иесі

Қоғам • Бүгін, 09:25