Елорда • 16 Маусым, 2020

Елордада жазғы флешмоб өтті

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері елорда тұрғындарына арнап жазғы флешмоб ұсынды. Ашық аспан астында Арбат бойында халық жүрегінен орын алған, кең таралған әуендер орындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада жазғы флешмоб өтті

Кинотаспаларға ерекше бояу берген Генри Манчини, Джеймс Хорнер, Джон Уильямс, Ян Тьерсен сынды композиторлар тарту еткен жарқын әуендер әлем бойынша концерт алаңдарында үнемі орындалады. Концертке Юлия Заечковская, Айсұлу Амангелді, Ерболат Абылай, Мирас Дәулет және Гүлдана Төлепбергендер қатысып, ашық аспан астында "Амели", "Шиндлер тізімі", "Титаник", "Тиффанидің таңғы асы", "Тегеран 43", Клод Франсуаның "May Way" сияқты кинофильмдерде орындалған танымал саунд тректерді орындап шықты.

Елордалық филармонияның бас директоры Ерлан Ерғазыұлының  айтуынша, бұл акция карантин мен көрермендер залдарында концерттік іс-шараларды өткізуге уақытша тиым салумен байланысты ұйымдастырылып отыр.

"Адамның рухани баю жолында мәдениеттің рөлі өте маңызды. Әртістер көрермендерді сағынуда. Осыған байланысты, біз бәріне жақсы көңіл күй сыйлау үшін ашық аспан астында осындай тегін концерт ұйымдастыру қажет деп ұйғардық", - деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35