Аймақтар • 15 Маусым, 2020

Атырауда борышкер жүргізушілерден 6 млн теңге өндірілді

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 8 маусымнан бері сот орындаушылармен бірге  "Борышкер" жедел іс-шарасын өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда борышкер жүргізушілерден 6 млн теңге өндірілді

"Іс-шара кезінде полицейлер Жедел басқару орталығының видеокамералары арқылы борышын өтемей жүрген жүргізушілерді анықтады.  Полицейлер  планшеттің көмегімен  500-ден астам жүргізушіге әкімшілік айыппұлдарын өтеу туралы әкімшілік соттың қаулысын тапсырды. Борышы бар жүргізушілерден 6 млн теңгеге жуық айыппұл өндіріліп, 20 автокөлік айып тұрағына қойылды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.