Спорт • 15 Маусым, 2020

ПСЖ-ның екі мықтысы командамен қоштасады

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның бетке ұстар футбол клубы "Пари-Сен Жермен" командасының екі мықты ойыншысы, яғни бразилиялық қорғаушы Тиаго Силва мен уругвайлық шабуылшы Эдинсон Кавани осы жазда құрамамен қоштасатын болады, - деп жазады Egemen.kz

ПСЖ-ның екі мықтысы командамен қоштасады

Бұл туралы команданың спорт жөніндегі директоры Леонардо мәлімдеді. Оның айтуынша, екі азамат клуб тарихында орны бөлек ойыншылар. Бірақ әрбір таңғажайып саяхат бір күні аяқталатыны секілді, футболшылардың да мұндағы дәуірі тәмам. Өйткені команда қаржылық жағдайын реттей отырып, алдағы күндері қатарын жаңа жас ойыншылармен толықтыруды көздеп отыр. Әзірге аталған аяқдопшылар тамыз айына дейін құрама қатарында болмақшы.

Қазіргі таңда 33 жасқа толған Э.Кавани 2013 жылы Италияның Наполиынан келіп, бүгінге дейін ПСЖ-ның есебіне 200 гол жаздырған. Яғни клуб тарихында ең көп голдың авторы атанды. Ал Тиаго Силва 2012 жылы Златан Ибрахимовичпен бірге Миланнан келген болатын. Э.Каваниға Дэвид Бекхэмнің Интер Майамиы және Испанияның Атлетико Мадрид клубы қызығушылық танытса, Тиаго Силва ағылшын премьер лигасының бір командасында өнер көрсететін түрі бар.

 

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025