Аймақтар • 12 Маусым, 2020

Алматыдағы жаңа технологиялық зертханада кімдерге тегін тест жасалады?

521 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда коронавирустық инфекцияға скрининг жүргізуге арналған жоғары технологиялық жаңа зертхана ашылды.  Бұл мегаполисте COVID-19-дың алдын алуға арналған жетінші лаборатория, - деп жазады Egemen.kz

Алматыдағы жаңа технологиялық зертханада кімдерге тегін тест жасалады?

Алматы қаласының әкімі "Атакент" ҚІЫОаумағында орналасқан, коронавирусқа жедел және жоғары дәлдікпен ПТР-тест жасайтын модульдік лаборатория кешенінің ашылуына қатысты.

"COVID-19-ды анықтау үшін күш салудамыз. Б.Өтемұратовтың қоры берген жоғары технологиялық зертхана ашылды. Жұмыссыздар, аз қамтылған және көпбалалы отбасының мүшелері, мүмкіндігі шектеулі адамдар, жоспарлы емдеуге жатқызылатын емделушілер мен 50 жастан асқан, тыныс алу органдары мен эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйесі ауруларымен есепте тұрған науқастар, эпидемияға қарсы іс-қимылға қатысатын қауіп тобындағы адамдарға тегін тест жүргізіледі" деді қала басшысы.

"Модульдік кешен күніне мың зерттеу жүргізуге қауқарлы. Алдағы уақытта бес мыңға дейін арттыру мүмкіндігі бар. Бұл — қаладағы жетінші зертхана. Б.Өтемұратовқа және оның барлық командасына COVID-19-бен күреске қосқан үлесі үшін алғыс айтамын. Кешенді жұмыс коронавирусты жаппай жұқтыруға тосқауыл болып, оның өршіп кетпеуіне және эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді", деді Бақытжан Сағынтаев.

 

АЛМАТЫ