Коронавирус • 05 Маусым, 2020

Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандар саны 229-ға жетті

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Павлодар облысында тағы 5 адамның вирус жұқтырғанын хабарлады.

Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандар саны 229-ға жетті

Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді. Оның төртеуі – Павлодар қаласында, біреуі – Павлодар ауданының Черноярка ауылында анықталды. Олар — 1959, 1962, 1976, 1991 жылдары туған әйел адамдар және 1996 жылғы ер адам.

Төрт пациент Павлодар қаласының «№1 емханасына» өздерін нашар сезінгеніне байланысты – дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, жылдам шаршау, жөтел белгілерімен шағынған. Оларға алдын ала ЖРВИ диагнозы қойылды. Ер адам дәрігерлік амбулаторияға жүгінген, оған тексеру кезінде ЖРВИ, өткір трахеит диагноздары қойылып, ем тағайындалған. Барлық жағдайда ПТР қорытындысы олардың вирусты жұқтырғанын көрсетті.

Пациенттер ОБА жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Олардың тұрғылықты жерлері және жұмыс орындары бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды.

ҰСО филиалының мамандары пәтерлерде, кіреберістерде, жұмыс орындарында, стационарда дезинфекция жүргізді. Өткен тәуліктегі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 229 адам тіркелген, олардың ішінде 160-ы жазылып шыққан.