Парламент • 02 Маусым, 2020

Сенат: Ұлттық аударма бюросының мәселелері қаралды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының басшылығымен кездесу болды. Комитет төрағасы Мұрат Бақтиярұлы әлемнің жетекші университеттерінің үздік оқулықтарын мемлекеттік тілге аудару және жалпы жобаның нәтижесін бағалау жөнінде ұйым қызметін қорытындылауға бағытталған кездесудің негізгі мақсатын атап өтті.

Сенат: Ұлттық аударма бюросының мәселелері қаралды

Қоғамдық қордың атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлының айтуынша, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының аясында тарих, философия, әлеуметтану, психология және тағы басқа салалар бойынша қазіргі заманғы үздік кітаптар мемлекеттік тілге аударылуда.

Еліміздің алдыңғы қатардағы оқу орындары және оқытушылар, ғалымдар, әдебиетшілер мен баспагерлер арасынан 300-ден астам мамандар оқулықтарды аудару жұмысына атсалысты. Оқулықтар мәтіндері әдеби және ғылыми редакциялаудан бірнеше мәрте өтеді.

Кездесу барысында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының проректоры Шәріпбек Әмірбеков қашықтан сөз алып, осы жоба аясында оқулықтарды аудару сапасы бойынша талдау нәтижелері туралы айтты.

Кездесуге қатысушылар аударма ісін дамытудағы ағымдағы мәселелерді және кітаптарды мемлекеттік тілге аударудың келешегін талқылады. Шараға білім және ғылым, мәдениет және спорт министрліктерінің өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15

Абат елдің айшықты бедері

Экономика • Бүгін, 09:02

ЮНЕСКО тізіміне енеді

Саясат • Бүгін, 09:02

Азаттықтың арқауы әділет

Тәуелсіздік • Бүгін, 09:00

Тарихи-танымдық байқау

Руханият • Бүгін, 08:50

Үздіктер анықталды

Спорт • Бүгін, 08:45

Шаңғы маусымы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Тылсым түйсік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30