
«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Президенттің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов азаматтарды елімізде іске асырылып жатқан реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, Министрліктің стратегиялық жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу және Министрліктің жетекшілік ететін салаларының дамуы жөніндегі міндеттер туралы хабардар етеді.