Аймақтар • 24 Сәуір, 2020

М.Досмұхамбетов: Басты тілек – елдің амандығы мен қауіпті инфекцияны тез жеңу

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жұртшылықты Оразаның басталуымен құттықтады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

М.Досмұхамбетов: Басты тілек – елдің амандығы мен қауіпті инфекцияны тез жеңу

Әкімнің айтуынша, мұсылман қауымы арасында айлардың сұлтанын асыға күтіп, ауыз бекітетіндер саны артып келеді. Отыз күн оразада сауап пен батаға кенелу үшін жақсылық істеумен жарысып, ізгілікке асығу көбейеді.

«Қасиетті айдың негізгі өзегі – нәпсіні тыю, пенденің өзін-өзі сабырлылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Сондықтан, сабыр сақтап, бір-бірлеріңізді тәртіпке шақыратындарыңызға сенемін. Баршаның басты тілегі — елдің амандығы мен қауіпті инфекцияны тез жеңуіміз болары сөзсіз» деп жазды Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.