Аймақтар • 23 Сәуір, 2020

Атырау: Деструктивті дін өкілдері карантин талабын бұзған

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау қаласының 2 тұрғыны төтенше жағдай кезінде күшейтілген карантин режімін бұзып, көліктерімен  адам тасымалдаумен айналысқан.

Атырау: Деструктивті дін өкілдері карантин талабын бұзған

«Деструктивті діни ағымды ұстанушы екі азаматтың  бірі бұрын тонау және ұрлық қылмысымен сотталған. Оларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 476-бабымен хаттамалар толтырылып, іс-құжаттар сотқа жолданды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Атырауда төтенше жағдай енгізілгеннен бері 779  құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында  Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 478-бабын (Төтенше жағдай режимі кезінде полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамау) бұзған  28 тұлға бар.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше