Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

6,5 миллион теңгенің ұрлығы ашылды

196 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осыдан жарты ай бұрын 1958 жылы туған петропавлдық кәсіпкер тауар сатып алуға дайындап қойған 6,5 млн теңгесін белгісіз біреулердің үптеп кеткенін айтып, полиция департаментіне шағынған еді. Ұрылардың алыстан келмегені үйді өз кілттерімен ашқандығынан, сейфті нақ ақша толған күні тонағандығынан және үй иелерінің пәтерлерінде болмайтынын білгендігінен сезіліп тұрған. Бірақ жырынды ұрылар ешқандай айғақ қалдырмаған.

6,5 миллион теңгенің ұрлығы ашылды

Алайда облыстық және қалалық криминалдық полиция басқармасында  кәсіби ізшілдер бар екендігін көрсетті. Олар кәсіпкердің барлық таныстарын, араласатын адамдарын қағып келіп, екі адамға күдіктенеді. Олардың бірі 1969 жылы Петропавл қаласының және екіншісі 1978 жылы туған Қызылжар ауданының тумалары еді. Екеуі де бұрын бұзақылық, ұрлық қылғандары үшін сотталған. Ақыры күмән шындыққа айналып, екеуінің үйлерін тінткенде айғақ заттар табылған. Ұрланған ақшаның да біраз бөлігі шыққан.

«Қазір қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және қылмыстық іс бойынша қосымша айғақтар жиналып жатыр», - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Назаров. «Айта кету керек, пәтер ұрлығының алдын алу үшін тұрғындарға күзет агенттіктерімен келісім жасап, дабылдар орнатып, кіреберістерді бейне бақылау камераларымен жабдықтау ұсынылады. Сонымен қатар, ең сенімді деген құрылғыларға басымдылық жасай отырып, пәтерлердің құлыптарын мұқият таңдау керек».

Жыл басынан бері СҚО-да барлығы 240 пәтер ұрлығы тіркелді. Оның ішінде бүгінге дейін 204-і ашылған. Шағын қалада ұрлық та көп, ашылуы да аз емес.

ПЕТРОПАВЛ

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025