Қазақстан • 15 Сәуір, 2020

Таңба мәселесі талқыланды

691 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 15 сәуірде Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық  жұмыс тобының кеңейтілген республикалық онлайн отырысын өткізді.

 

Таңба мәселесі талқыланды

Оған аталған жұмыс тобының  мүшелері және еліміздегі жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты.

Мұндағы мақсат – әліпбиді жетілдіруге жөнінде ғалымдардың ұсыныстарын ортаға салу, пікір алмасу, кейбір дыбыстардың таңбалануын ғылыми тұрғыдан пысықтау.

Отырыс барысында жетілдірілген әліпбидегі /у / ı / і / таңбаларының «ы», «і» және «й» дыбыстарының мәнін берудегі дыбыстық мазмұны талқыланды. «Ы» мен «і» дыбысын таңбалауда әріптердің тұрқы ұқсас болуы керек деген пікірлер мен «й» дыбысы үшін «y» таңбасы қолданылғаны дұрыс деген уәждер ғылыми талқының негізі болды. Жоғарыда аталған таңбалардың дыбыстық мазмұны жеке және өзара сабақтастықта талданып, ғалымдар тарапынан нақты пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Бұл пікірлер мен ұсыныстар бойынша алдағы уақытта сараптау жұмыстары жүргізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025