
«28 наурыздан бастап 604 адам көшеде себепсіз жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның алтауы қамауға алынды, 52-сіне айыппұл салынды, 17 адамға ескерту жасалды. Бақылау-өткізу бекеттерін айналып өтіп, қалаға кіру тәртібін бұзғаны үшін 18 адам жауапқа тартылды», – дейді Алматы қалалық ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.