Қазақстан • 01 Сәуір, 2020

«Көршім ауырмаса, мен де ауырмаймын...»

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысына қарасты Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылының тұрғыны Жібек Мұғауова немересімен бірге бетперде тігіп, ауылдастарына тегін таратуда.

«Көршім ауырмаса, мен де ауырмаймын...»

Өзінің ғана емес, өзгенің де қамын ойлаған 63 жастағы зейнеткер осы облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан құрылған Махамбет ауданының Аналар кеңесінің төрағасы. Ол елімізде Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, үйіндегі мата-жіптерін жинап, бетперде тіге бастаған. Алғашқыда отбасы мүшелеріне тіккен ана көшеде сақтанбай жүрген ауылдастарын көріп, оларға да бетперделерді тігіп беруді қолға алыпты. Екі күн ішінде 11 жасар немересі Бақнұрмен бірге 50-ге жуық бетперде тігіп, көршілеріне таратты.

– Осындайда бір-бірімзге жанашырлық танытпағанда қашан танытамыз. Мен тігемін, 4-ші сыныпта оқитын немерем үтіктейді. Сақтану шараларын қолға алмаған ауылдастырымды терезеден көрсем, шақырып алып, қолдарына ұстатып жіберіп жатырмын. Егер көршім ауырмаса, мен де ауырмаймын, – дейді Ж.Шамалиқызы.

Тігінші әжей ауыл клубының басшысына хабарласып, онда жас еріктілерге бетперделер тіктіріп, тұрғындарға таратуды ұсынған. Алдағы уақытта өзі де маталарға тапсырыс беріп, үйден бет перде тігуді жалғастары беруді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025