Коронавирус • 26 Наурыз, 2020

COVID-2019: Жапонияда жағдай тұрақтанбай тұр

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияда COVID-2019 вирусына шалдыққандар саны 2014 адамға жетіп (оның 712-сі ел аумағындағы Diamond Princess круиздік кемеде), 52 адамның өмірден озғаны белгілі болды. Сондай-ақ 872 тұрғын дерттен айыққанымен, әлі де 64 азамат ауыр хәлде жатыр.

COVID-2019: Жапонияда жағдай тұрақтанбай тұр

Дертке шалдыққандардың ең көбі (212 адам) ел астанасы Токиода тіркелсе, Хоккайдо префектурасында 167 адамға жетті. Сондай-ақ Осака префектурасында 149 адамның вирус жұқтырғаны айтылуда.

Аталған елдегі Білім және ғылым министрлігі дүниежүзін шарлаған эпидемияға байланысты жергілікті әкімшіліктерге білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті жіті бақылауға алуды тапсыруда. «Жағдай әлі де қалыпқа келген жоқ. Қандай жағдайға болсын әзірлік жұмыстарын жалғастыру қажет. Кез-келген оқиғаны назарға алған маңызды» дейді Жапонияның Білім және ғылым министрі Хагиуда Коити.

Оның айтуынша, елде індет жаппай тараған жағдайда жергілікті әкімшіліктерге білім беру ұйымдарын жабу туралы өтініш жолданатын болады. Мектептерде сабақ сәуірдің алғашқы он күндігінде басталады.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025