Спорт • 12 Ақпан, 2020

Еуропа чемпионатының қола жүлдегері - Нұр-Мүбарак университетінің түлегі

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Әсет Қыдырбаев Алматыдағы Нұр-Мүбарак Мысыр ислам мәдениеті университетіне келіп, проректор, исламтану ғылымы бойынша PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаевпен кездесті.

Еуропа чемпионатының қола жүлдегері - Нұр-Мүбарак университетінің түлегі

Таяуда Португалия мемлекетінің Лиссабон каласында джиу-джитсу шеберлері (IBJJF) арасында Еуропа ашық чемпионаты өткен болатын. Әлемнің 100 елінен жиналған  5 мыңға жуық спортшының ішінде Әсет Қыдырбаев қола жүлдеге ие болған еді.

Жеті күнге созылған додада еліміздің намысын қорғаған Әсет Қыдырбаев 82,3 келі салмақ дәрежесінде Голландия, Бразилия, Польша, Англия споршыларымен күш сынасып, өз салмағындағы 24 қатысушыдан дара болып, жеңімпаздар тұғырына көтерілді.

Ел мерейін үстем еткен батырдың жаттықтырушысы – Құтжанов Марат болса, Әсет Бектұрсынұлы Нұр-Мүбарак университетіндегі «Исламтану» факультетінің 2013 жылғы түлегі.

Кездесу барысында «Ұстазын ұлықтай білмеген адамның қолынан ешуақытта ұлылық келмейді», деген сөзді жадында сақтаған жеңімпаз Әсет Қыдырбаев ұстаздарына рахметін айтып,  ақ батасын алды.

Сондай-ақ  университет  проректоры Қ.Құрманбаев шәкіртін жеңісімен құттықтай келе, «Сәуір айының басында БАӘ өтетін  әлем чемпионатында бағың мен бабың келісті болып, жеңіс тұғырынан көрейік!»,  деп  ізгі ниеті мен ақ тілегін  білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025