Аймақтар • 28 Қаңтар, 2020

Қызылорда облысы: Ұры ұсталды, шығын өтелді

733 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қызылорда облысындағы Жаңақорған кентінің тұрғыны Тоқболат Жолдыбай аудандық полиция бөлімшесіне келіп, ұрланған жылқысын  тапқан  полицейлерге алғысын  білдірді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қызылорда облысы: Ұры ұсталды, шығын өтелді

Ол осыдан бір ай бұрын  Бірлік  ауылының   тұсында  жайылып    жүрген 6 бас жылқысы (құны 2 млн теңге) аяқ асты қолды болып,  АПБ-не  арыз жазыпы. Арызға байланысты полиция бөлімшесінің аға  тергеушісі,  полиция аға лейтенанты Шәкәрім Әптай бастаған топ іздестіру шараларын жүргізуге кіріседі. Арада көп уақыт өтпей  күдікті  ұсталып,  мал иесіне  келтірілген  шығын   толық   қайтарылды.

Қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.