Спорт • 21 Қаңтар, 2020

Футбол: Әлемдік рейтингте 43-орында тұрмыз

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық футбол тарихы мен статистика федерациясы (IFFHS) 2019 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық чемпионаттардың рейтингін жариялады.

Футбол: Әлемдік рейтингте 43-орында тұрмыз

Бақандай 10 жыл бойы үздік деп танылған Испания Ла Лигасы бұл жолы тұғырдан тайып, үшінші сатыға сырғып түсті. Олардың алдын Англияның Премьер-лигасы мен мен Бразилияның А сериясы басып озды. Сонымен қатар, Италия, Колумбия, Португалия, Франция, Голландия, Аргентина және Германияның ішкі біріншіліктері үздіктер санатына еніп отыр.

Мықтылар тізімінде Қазақстан Премьер-лигасы 43-орында тұр. Бұрынғы ТМД аумағындағы елдері арасында біз тек Украина (25-орын) мен Ресейді (26-орын) ғана алға жібердік. Азия мемлекеттері арасында алтыншы сатыға тұрақтадық. Алдымызда – Оңтүстік Корея (30-орын), Египет (31-орын), Сауд Арабиясы (32-орын), Жапония (37-орын) және Қытай (39-орын). Ал Еуропа құрлығы бойынша 26-орынға табан тіредік.

Соңғы жаңалықтар

Қастерлі құндылық

Абай • Бүгін, 08:17

ДНҚ-ны дәл өңдейді

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Жарыстар күнделігі: Футбол

Спорт • Бүгін, 08:12

Инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр

Инфографика • Бүгін, 08:10

Кемеңгер көшесіндегі той

Абай • Бүгін, 08:07

Наполеон әскері індеттен қырылған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:05