Тағайындау • 03 Желтоқсан, 2019

«Shymkent» ӘКК АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

547 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Директорлар кеңесінің шешімімен «Shymkent «ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы болып Нұржан Өмірсерікұлы тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Shymkent» ӘКК АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

Нұржан Өмірсерікұлы 1985 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика» және Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда қалалық қаржы бөлімінің есепшісі болып бастаған.

2006-2008 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің, Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекші маманы; 2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депутатының көмекшісі; 2011-2014 жылдары Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы; 2014-2018 жылдары Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің орынбасары, кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болса, бүгінгі күнге дейін Премьер-Министр Кеңесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарып келген.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше