Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019

І жарты жылдықта «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында сатып алудағы жергілікті үлес 78% құрады

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Машина құрастырушылар форумында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  Сатып алу және жабдықтау жөніндегі басқарушы директоры Есен Қайржан мәлімдеді. Аталған көрсеткіш еліміздің мұнай-газ саласындағы орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Сатып алуда жергілікті үлесті арттыруға ҚМГ компаниялар тобындағы бизнес-үрдістерді жетілдіру бағдарламасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын сатып алу қызметін санаттық басқару жүйесін енгізу септігін тигізді.

І жарты жылдықта «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында сатып алудағы  жергілікті үлес 78% құрады

- Сатып алу стратегияларының аясында тауар мен қызмет көрсетуге деген ҚМГ тобындағы бірнеше ұйымның қажеттілігін біріктіретін санаттық менеджмент өзінің тиімділігін дәлелдеді. Бүгінде осындай стратегиялар дайындалатын тауар, жұмыс және қызметтің 67 түрінен тұратын тізім айқындалды. Қазіргі уақытта оның 16 сәтті жүзеге асырылуда, ал тағы 17 сатып алу стратегиясы дайындалу үстінде,  деді Е. Қайржан.

Форумда «Өндіру мен бұрғылауға арналған құбырлар» атты санаттық сатып алу стратегиясы мысал ретінде келтірілді. Оның аясында ҚМГ отандық «KSP Steel» ЖШС және «Каскор-Машзавод» ЖШС компанияларымен сорапты-компрессорлық құбырларды жеткізіп беру туралы жалпы сомасы 40 млрд теңгеден асатын ұзақ мерзімді келісімшарттарға отырды. Мұнайды өндіруге қажетті сорапты-компрессорлық құбырлар, тереңдік сораптарға арналған бағаналар және трансформаторларды ҚМГ өткен жылы да толығымен отандық мұнай-газ жабдықтарын өндірушілерден сатып алған болатын.

Айта кетейік, отандық өндірушілермен әріптестік «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы үшін басым бағыттардың бірі болып табылады. Жаңа өндірістерді дамыту және қолдау мақсатында импорт алмастыру жөнінде жергілікті кеңсе құрылды.

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025