Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2019

Маңғыстауда ауыл тұрғындарынан ірі көлемдегі есірткі тәркіленді

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 5 қыркүйек күні шамамен сағат 13:30-да бұрын сотталған Атамекен ауылының екі тұрғынын құрықтады. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда ауыл тұрғындарынан  ірі көлемдегі есірткі тәркіленді

Әйелдер тұратын үйді тінту барысында жазғы күркенің жанындағы учаскеде жер астынан жасырын орын табылды. Қызметтік Чак атты иттің көмегімен жасырын жерде жеті үлкен қап жалпы салмағы 88 келіні құрайтын марихуана табылды.

Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігі (есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше