Аймақтар • 21 Тамыз, 2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында үздік сержанттар анықталды

660 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әскери қызметшілер жақсы нәтижелерді көрсете отыра, сержанттар корпусының жауынгерлік даярлық жүйесіндегі маңыздылығын тағы бір дәлелдеді, дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметінен капитан Рустем  Игисинов.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында  үздік сержанттар анықталды

Аталмыш конкурс Ақтау қаласының 25744 әскери бөлімінің базасында өтті. Бес күн ішінде өңірлік қолбасшылықтың ең мықты сержанттары сайысқа түсіп, «Үздік батальон сержанты», «Үздік рота сержанты», «Үздік взвод сержанты» және « Үздік бөлімше сержанты» номинацияларында бақ сынасты.

Конкурс бағдарламасы «Қайсар» әскери-спорт сайысы, «Барыс» әскери қоян-қолтық күресі, оқ дайындығынан «Мерген» этапы, әскери техниканы жүргізуден «Тұлпар», білімділер арасынан «Білімпаз» этапы, «Шебер» техникалық дайындық тақырыбы, «Денсаулық» әскери-медициналық дайындығы мен «Бағдар» әскери топография тақырыптарынан құралды.

Конкурс нәтижесі бойынша «Үздік батальон сержанты» атағын 30238 әскери бөлімінен (Ақтобе) 3 сыныпты сержант Азамат Аскаров иеленді. «Үздік рота сержанты» атағы 41433 әскери бөлімінің әскери қызметшісі (Атырау) аға сержант Ермек Зайлагиға бұйырса, 75488 әскери бөлімінен (Ақтауа) сержант Мерей Дауренбеков «Үздік взвод сержанты», ал 41433 әскери бөлімінен (Атырау) кіші сержант Темирлан Байзуллин «Үздік бөлімше сержанты»  номинацияларында жеңімпаз атанды.

- Біз жыл сайын осы конкурстың деңгейі мен сержанттардың көрсеткіштерін жақсартуға барымызды саламыз келеміз. Бүгінгі күні, сержант корпусы «мен сияқты жаса, менен де жақсы жаса» ұранымен жеке құрамды алға жетелеп, өңірлік қолбасшылықтың қуатын арттыруға өз септігін тигізіп келеді, дейді 30238 әскери бөлімінің сержанты - 2 сыныпты сержант Мәди Ахметжанов.

Конкурс соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. Сонымен қоса, әр тақырыптағы үздік сержанттарда назардан тыс қалмады.

Бүгінгі күні «Батыс» өңірлік қолбасшылығы сержанттар құрамы,  жеке құрамның жауынгерлік және дене даярлығындағы, жоғары әскери тәртіпті ұстаудағы, күнделікті әскери қызмет үрдісін қадағалаудағы алатын орындары зор.

 

Маңғыстау облысы

                          

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025