Аймақтар • 06 Тамыз, 2019

«Сергек» камераларының саны артады

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша мегаполисте биылғы жылдың соңына дейін қосымша 707 «Сергек» камерасы іске қосылады. Олардың 400-і көше қиылыстарына, 307-сі жол жиегіндегі учаскелерге орнатылмақ. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

«Сергек» камераларының саны артады

Бұл жүйе жылдамдықты арттырған, бағдаршамның қызыл түсіне жүрген, қызыл сызықтан асып кеткен және автобус жолағымен жүрген көліктерді бірден суретке түсіреді. Бұдан өзге, жаңа технологияны пайдалану қылмыстың ізін суытпай, жедел ашуға ықпал етеді.

Полиция департаменті өкілдерінің пікірінше, мұндай бекеттердің көп болуы көлік жүргізушілерді тәртіпке шақырады. Айыппұл төлеу кезінде адами факторлар  жойылады. Тәртіп бұзушылық автоматты түрде бірден мәліметтер базасына түседі және көлік иесіне жіберіледі.

Еске салсақ, бұл жүйе ағымдағы жылдың наурыз айына дейін 8 ай бойына тестілік режімде жұмыс жасаған. Осы кезең ішінде қаланың барынша қауіпті аймақтары анықталды, енді «Сергек» сол жерлерге орнатылады.

Айта кетерлігі, Нұр -Сұлтанда «Сергекті» қолдану оның тиімді екенін көрсетті. Астаналық автомобилистер мен қала қонақтарының жүргізушілік мәдениетінің арқасында 2017 жылмен салыстырғанда жолдағы өлім екі есе төмендеген. Егер елордада 2017 жылы жол апаттарынан 60 адам көз жұмса, 2018 жылы 34 адам ажал құшқан.

 

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15