
«Мен еліміздегі Президент сайлауына қатысып, өз таңдауымды жасадым. Бұл - менің тұңғыш дауыс беруім. Осынау тарихи кезеңде еліммен бірге болайын деп, Италиядан арнайы ұшып келдім. Өз даусымды еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына қосқан үлесім деп білемін. Алғаш рет сайлауға қатыса отырып, кемел келешекке дауыс бердім деп ойлаймын. Жастардың жарқын болашағына өзіндік үнімді қостым деп сенемін. Елімізде жастардың оқып , білім алуына барлық жағдай жасалған. Соның бір көрінісі өзімнің шет елде білімімді жалғастыруым. Сәтін салса, елге келіп, өнер саласының қарыштап дамуына өз үлесімді қосатын боламын», – дейді ол.