
Серік Жанұзақовтың айтуынша, АЖЭО-ға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, себебі компания өз кінәсін мойындап, шығынды өтейді. Екінші қылмыстық іс бойынша «Атырау су арнасы» басшылары күдікті деп танылды. «Барлық тергеу әрекеттері аяқталды, өзеннің зақымдану көзі және балықтың қырылуы хлордан екені анықталды. Іс одан әрі сотқа беру үшін қадағалау органында (прокуратурада) болады және тергеу жұмыстарымен ІІМ арнайы тобы айналысса да, сот Атырауда өтеді» деді С. Жанұзақов осы мәселеге арналған брифингте.