Спорт • 27 Мамыр, 2019

Тимур Құлыбаев UWW президентімен кездесті

924 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Лозаннадағы Біріккен күрес әлемінің UWW резиденциясында Қазақстан ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев пен United World Wrestling басшысы, Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі Ненад Лаловичтың кездесуі өтті.

Тимур Құлыбаев UWW президентімен кездесті

Кездесу барысында қос тарап ағымдағы жылдың 14-22 қыркүйегі аралығында Нұр-Сұлтанда өтетін күрес түрлерінен әлем чемпионатына дайындық кезеңін талқылады. Аталған сын Токио Олимпиадасына лицензия таратады. Жарыс қорытындысы бойынша 1-ден 6-шы орын аралығында орналасқан балуандар төртжылдық додасына тікелей жолдама алмақ. Олимпиада қарсаңындағы маңызды додаға әлемнің мыңға жуық балуаны қатысады деп күтілуде. Өткен жылғы әлем чемпионатына 850 спортшы қатысқанын айта кету керек. UWW президенті Қазақстан астанасындағы әлем чемпионаты жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді.

«Қазақстанда дәстүрлі күрес мектебі бар. Бұл балалар мен жастар арасында кең таралған бұқаралық спорт түрлерінің бірі. Біздің елімізде күрес түрлерінен Академия жұмыс істеуде. Мұндағы тәрбиеленушілер Қазақстан намысын халықаралық аренада қорғап жүр. Ірі спорттық жарыстарды өткізу тәжірибеміз мол, сондықтан, елордада әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастыруға бар күшімізді саламыз. Осы орайда, Олимпиада ойындарының қарсаңында мұндай ірі спорттық оқиғаны өткізуді бізге сеніп тапсырғаны үшін Біріккен күрес әлеміне алғысымды білдіремін», - деді Тимур Құлыбаев.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан ҰОК пен UWW арасындағы әріптестік мәселесін, сондай-ақ, еліміздегі еркін, әйелдер және грек-рим күресінің даму қарқынын талқылады. Биылғы жылдың 4-8 шілдесі аралығында Нұр-Сұлтанда кадеттер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Сондай-ақ, Қазақстан Азия аймақтық іріктеу турнирін өткізуден де үмітті. Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатында жолдамадан ала алмаған балуандардың аталған сында лицензияны иеленуіне мүмкіндік беріледі. Турнирде бірінші және екінші орын иемденген спортшылар үшін Олимпиадаға жол ашылмақ.

Бұдан бөлек, кездесуде Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясын UWW қатарына қосу мәселесі оң шешімін тапты. Айта кетелік, 2017 жылы құрылған Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясын Қанат Бозымбаев басқарады. Бүгінде федерация құрамына 29 мемлекет енген. Сондай-ақ, Qazaq Kuresi федерациясы еліміздегі олимпиадалық спорт түрлері мен аталған ұлттық спорт түрін дамытуды қолға алған Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының мүшесі саналады.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше