Аймақтар • 06 Мамыр, 2019

Алматыда ҰОС ардагерлеріне мерекеге орай әлеуметтік көмек беріледі

1103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы Ұлы Жеңіс мерекесіне орай Алматы әкімдігі ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға 250 мың теңгеден бөлді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер хабарлаған болатын.

Алматыда ҰОС ардагерлеріне мерекеге орай әлеуметтік көмек беріледі

«Алматы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі №347 бұйрығына сәйкес ҰОС мүгедектері мен ардагерлеріне 250 мың теңгеден бір реттік әлеуметтік көмек қарастырылған», – делінген хабарламада.

Алматыда тұрып жатқан 267 ҰОС ардагеріне 66 750 мың теңге бөлінген. Ал одан басқа санаттағы азаматтарға төлем төмендегідей болмақ.

ҰОС ардагері мен мүгедектеріне жеңілдіктері бойынша теңестірілген жандарға, соғыста көз жұмған немесе із-түссіз жоғалған сарбаздардың жесірлеріне, Ауған соғысы кезінде қайтыс болған, ауыр жарақат алған, жоғалып кеткен сарбаздардың қайта тұрмыс құрмаған жесірлері мен ата-анасына 50 мың теңгеден берілмек.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15