
Экспозиция мүсіндік портреттер мен символикалық портреттерді, графикалық жұмыстарды, бәрін қосқанда, әр жылдарда шебердің қолынан шыққан тоқсаннан астам туындыны қамтыған. Ертеректегі шығармашылығына «Кітапханашы Люся» және «Виктор» деген екі жұмысы жатады. Иса пайғамбардың «Сендер ‒ менің достарымсыңдар» деген сөзімен аталған композициясы Иса пайғамбар мен оның моральдық кемелдікке ұмтылған он екі шәкіртінің жұмыла, екпінді әрі сенімді адымдаған шебінен тұрады. Күміс жағылған граниттен жасалып, миф пен діннің құпия кеңістігінің арасында салтанат құрған адамзат тарихына қойылған басты ескерткіштерге арналған объектілер топтамасы көрермен қызығушылығын тудырған шығармалар.