Әлем • 19 Сәуір, 2019

Бішкекте Қазақстан-Қырғызстан консулдық консультациялары өтті

893 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрліктері екі елдің басқа да құзырлы органдар өкілдерінің қатысуымен консулдық консультациялардың кезекті 5-ші раундын өткізді.

Бішкекте Қазақстан-Қырғызстан консулдық консультациялары өтті
Кездесу барысында тараптар қос мемлекет азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өзара әрекеттесудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ консулдық-құқықтық саладағы екіжақты және көпжақты келісім-шарттар мен конвенциялардың орындалу мәселелерін талқылады.
Консультациялардың қорытындысы бойынша тараптар консулдық мәселелер бойынша екіжақты қарым-қатынастарды тұрақты негізде жалғастыруға ниеттерін растады.
Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15