Саясат • 09 Сәуір, 2019

Асқар Мамин кәсіпкерлердің қатарын көбейту қажеттігін айтты

1096 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин елімізде өз кәсібін ашқан адамдардың санын арттыру қажеттігін айтты.

Асқар Мамин кәсіпкерлердің қатарын көбейту қажеттігін айтты

«Әкімдіктер«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының дамуына серпін беру үшін шағын және орта бизнес жобаларына субсидия мен кепілдік беру, қосымша қаражат бөлу мәселесін қарастыру керек», - деді Премьер-Министр.

Асқар Мамин сөз барысында осы кезге дейін істелген шаралардан мысал келтірді.

«Шымкент қаласының әкімдігі субсидиялауға 600 млн теңге, ал жобаларға кепілдік беруге 250 млн теңге, Атырау облысының әкімдігі 600 млн теңге бөлді», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар өз бизнесін ашқан адамдар санын көбейту қажеттігін баса айтты.

«Елбасы өз Жолдауында Үкіметке қысқа мерзімде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының 2020-2025 жылға дейінгі келесі кезеңін әзірлеп, бекітуді тапсырды», - деді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025