Руханият • 05 Сәуір, 2019

«ALTYN OIMAQ» ұлттық киім дизайнерлерінің байқауы өтеді

970 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 сәуір күні сағат 15.00-де «ALTYN OIMAQ» ұлттық киім дизайнерлер байқауы ұйымдастырушыларының кездесуі өтеді.

«ALTYN OIMAQ» ұлттық киім дизайнерлерінің байқауы өтеді

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы,  Әйелдердің кәсіпкерлікті қолдау қорымен бірлесе отырып, талантты және жаңа дизайнерлердің жұмыстарын қолдауға мүмкіншілік тудыруда.  Алты жеңімпаздың әрқайсысы 1 млн. теңге көлемінде жүлде алатын болады.

Байқаудың мақсаты-отандық сәнді индустрияны дамыту, ұлттық мәдени дәстүрлерді сақтау, жаңа атаулар мен брендтерді ашу және қолдау, өндірістік кәсіпорындарды дизайнерлермен біріктіру.

Конкурсты өткізу мамандардың жаңа буынын анықтауға және бәсекеге қабілетті жаңа брендтерді құруға мүмкіндік береді. Кәсіпқойларға өткізілген бұл байқау өз брендін ілгерілетуге және қолда бар бизнесті кең көлемде насихаттауға жол ашады.

Байқау үш бағыт бойынша өтеді:

1) бірінші кезең - екі бағытта жүргізіледі, олар өтінімдерді қабылдау және іріктеу: 4 наурыздан бастап 15 мамырға дейін және 10 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейінгі аралықта; әр кезеңнің қорытындысы бойынша комиссия конкурс лауреаттары атағына 6 үміткерді іріктейді;

2) екінші кезең - 12 үміткерді қоғамдық онлайн дауыс беруге ұсыну және оның нәтижелері бойынша 6 конкурс лауреатын бекіту;

3) үшінші кезең – қазылар алқасының бас жүлдесін  алу үшін алты жеңімпаздың ішінен бір жеңімпазды анықтайды.

Байқау ағымдағы жылдың желтоқсан айында лауреаттарды салтанатты түрде марапаттау рәсімімен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025