Спорт • 04 Сәуір, 2019

Жүзуден Қазақстан чемпионаты: Үшінші жарыс күнінің қорытындысы

737 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде жүзуден Қазақстан ашық біріншілігінің үшінші жарыс күні аяқталды. Olympic.kz еліміздің жаңа чемпиондарымен таныстыруды жалғастырады.

Жүзуден Қазақстан чемпионаты: Үшінші жарыс күнінің қорытындысы

Ұлттық құрама мүшесі Александра Варакин 50 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын орнатты. Ол 00.22.41 уақыт көрсеткішін тіркеп, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. 


100 метрге шалқалап жүзуден Глеб Коваления жеңімпаз атанса, Әділ Қасқабай 100 метрге еркін әдіспен жүзуден алтын медаль иеденді. Оның уақыт көрсеткіші – 00.49.68. 


200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Санжар Сапарбеков жеңіс тұғырына көтерілді. 


800 метрге еркін әдіспен жүзуден Диана Злобинаға тең келер ешкім болған жоқ. Ол аталған қашықтықты 08.59.37 уақыт көрсеткішінде жүзіп өтіп, ересектер арасындағы Азия чемпионатының нормативін орындады. 


200 метрден төрт адамдық эстафетада Тараз командасы бірінші, Алматы қаласы екіншісі, Нұр—Сұлтан құрамасы үшінші орын иеленді. 


100 метрден төрт адамдық кешенді-аралас эстафетада Ресейдің Қазан қаласынан келген команда топ жарды. Екінші орында Ақтөбе, үшінші сатыда Павлодар командалары орналасқан. 

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025