Спорт • 03 Сәуір, 2019

Елордалық оқушылар Абу-Дабиде өткен спорттық жарыстан жүлделі оралды

620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Араб Әмірлігінен балалар «қола» және «күміс» алып келді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Елордалық оқушылар Абу-Дабиде өткен спорттық жарыстан жүлделі оралды

Қазақстандық спортшылар әлем елдері атлеттерінің арасында спорттың 24 түрі бойынша Бүкіләлемдік жазғы арнайы Олимпиадалық ойындар өткен Абу-Дабиден оралды. Турнирде 190 елдің спортсмендері бақ сынасты. 

Жарысқа Нұр-Сұлтаннан  №1 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Ерқанат Бахытжанов пен Кристина Филиппова қатысып, үлкен теннис бойынша «күміс» және «қола» медальды еншіледі. 

Турнирге дайындық бір жыл шамасында жүрді. 

«Балалар еліміздің көк байрағын желбіретіп, жүлдемен оралды. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Сіздерді алдағы уақытта да биік шыңдардан көретінімізге сенемін. Осы жарысқа балаларды қысқа мерзімде дайындап, барынша қолдау көрсеткен мектеп ұжымына зор алғыс білдіремін», – деді құттықтау сөзінде Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының жетекшісі Әнуар Жанғозин.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше