Спорт • 03 Сәуір, 2019

Жүзуден Қазақстан чемпионаты: Пчелинцева еліміздің жаңа рекордын орнатты

831 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде жүзуден Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Кезекті жарыс күнінде эстафета және брасс әдісімен жүзуден жеңімпаздар анықталды. Бұл туралы Olympic.kz. хабарлады.

Жүзуден Қазақстан чемпионаты: Пчелинцева еліміздің жаңа рекордын орнатты

Еліміздің ашық біріншілігіне құрама спортшылары тегіс қатысып жатыр. Тек Олимпиада ойындарына жеке бағдарлама бойынша дайындалып жатқан Дмитрий Баландин ғана қатарда жоқ. 

Брасс әдісімен жүзуден ерлер арасында Айбек Қамзенов топ жарды. 

200 метрге еркін әдіспен жүзу эстафетасында әйелдер арасында Нұр-Сұлтан қаласының командасы топ жарды. Екінші орында Алматы, үшінші орында Ақтөбе қаласының құрамалары орналасқан. 

50 метрге жарысудан аралас командалар арасындағы эстафетада ақтөбеліктер топ жарды. Екінші және үшінші орындарда Павлодар мен Тараз спортшылары.

Сондай-ақ, Қазақстан командасының үздігі Аделаида Пчелинцева 50  метрге брасс әдісімен жүзуден ел рекордын жаңартып, чемпионат алтынын иеленді. 

Пчелинцева аталған қашықтықты 00.31.81 уақыт көрсеткішінде жүзіп өткен.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше