Президент • 02 Сәуір, 2019

Мемлекет басшысы: Жемқорлықпен әрбір адам күресуі тиіс

650 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықпен күресу әрбір адамның міндетіне, керек десеңіз парызына айналуы тиіс екенін атап өтті. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтты.

Мемлекет басшысы: Жемқорлықпен әрбір адам күресуі тиіс

«Әр заманның, әр қоғамның өне бойына батпандап кіріп, мысқалдап шығатын дерттер болады. Жемқорлық – сол қоғамдық санаға сына қағатын қасірет. Бүгінде жемқорлық қоғамдық өмірдің көптеген тұстарын жайлағаны жасырын емес.

Иә, Үкімет өз тарапынан заң аясында күресіп жатыр. Бұл аздық етеді. Егер әлемдік тәжірибеге сүйенсек, жемқорлықты жеңу үшін тек қана қатаң жаза ғана емес, жан жақты кешенді іс-әрекеттер қажет. Жемқорлықпен күрес ымырасыз жүруі тиіс және бұл тек Үкіметтің ғана емес, әрбір адамның міндетіне, керек десеңіз парызына айналуы тиіс» деді Президент.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше