Қоғам • 01 Сәуір, 2019

1 сәуірде АӘК бойынша 400-ден астам қала тұрғыны жүгінді

681 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, атаулы әлеуметтік көмек берудің алғашқы күні қалалық жұмыспен қамту орталығына және аудандық әкімдіктерге 400-ден астам адам өтініш білдірді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

1 сәуірде АӘК бойынша 400-ден астам қала тұрғыны жүгінді

«1 сәуірден бастап бес мекенжай бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында және аудан әкімдерінің төрт аппаратында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін азаматтарды қабылдау басталды. Барлығы 436 адам жүгінді. 342 адам халықты жұмыспен қамту орталығына, 25 адам Алматы ауданының аппаратына, 19 адам Байқоңыр ауданының аппаратына, 10 адам Есіл ауданының аппаратына және 40 адам Сарыарқа ауданының аппаратына жүктелген. Олардың барлығына консультациялық көмек көрсетілді», – деп мәлімдеді қалалық жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметінде. 

Алдын ала есептеулер бойынша, атаулы әлеуметтік көмек қазіргі таңда өтініш берген 436 қала тұрғынының 128-не ғана көрсетіледі. 

Ведомствоның мәліметінше, барлық пункттерде 36 жауапты қызметкер бекітілген, олар оқудан өтіп, жұмыс орындарымен жабдықталған. 

Естеріңізге сала кетейік, жаңа форматтағы АӘК 2500 отбасын қамтиды, бұл – 12 060 адам, қаржыландыру сомасы 1 млрд 59 млн теңгені құрайды. 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі 2019 жылдың 1 тоқсанында 30 817 теңгені, 2019 жылдың 2 тоқсанында 21 572 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше