Қысқы спорт • 01 Сәуір, 2019

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы көлік кептелісіне қатысты түсінік берілді

556 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қырғызстанмен шекарада қалыптасқан автокөліктердің кептелісіне қатысты түсінік берді.

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы көлік кептелісіне қатысты түсінік берілді

«Қазақстанның мемлекеттік шекарасында мониторинг өткізілуде және тыйым салынған тауарлардың тасымалын анықтау мақсатында қажет болған жағдайда көлік құралдарына тексеріс жүргізіліп жатыр. 27 наурыз күні қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қарасу» өткізу бекетінде қытай және түрік тауарларын тасымалдап бара жатқан 9 көлік тексерілді. Бұл ретте, барлық көлік бойынша тауардың ілеспе құжаттарында жалған мәліметтер көрсетілген. Сондай-ақ өткізіліп жатқан тексерістерге сәйкес, 27 наурыз күні тауардың  ілеспе құжаттарына түзету енгізу үшін 40 автокөлік Қырғызстан аумағына қайта оралды», - делінген комитеттің ресми сайтында. 


Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының бағытына қарай Қырғызстан шекарасында 140 автокөлік құралы тұр. Кептеліс тасымалдаушылардың тексерістен өтуінен бас тартуына қатысты қалыптасты.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше