Қоғам • 01 Сәуір, 2019

ҚР ІІМ Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасы ұрланғанын растады

700 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жүзуден Олимпиада жеңімпазы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлау фактісіне пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

ҚР ІІМ Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасы ұрланғанын растады

«Шынында, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлау фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау камералары аталмыш қылмысты түсіріп алған. Сол себепті, Алматы қаласының Полиция департаментінің жедел қызметкерлері аталған қылмысты жасағандарды ұстайды деген үміттеміз», - деді Юрий Ильин Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Айта кетсек, кеше бірқатар БАҚ көздері Алматыда белгісіз біреулер спортшының көлігінің айнасын ұрлап кеткені туралы хабарлама таратқан болатын. Баландин достарымен дәмханада тамақтанып шыққаннан кейін, машинасының айнасып таппай қалған. Ұрлық туралы  полицияға хабар берген. 

«Көлігімнің маркасы Toyota Land Cruiser. Оны Олимпиададан кейін сыйлаған болатын. Бір айнаның бағасы 400 мың теңге шамасында. Айна ұрлығы әлі тоқтаған жоқ. Біздің халық өзгермейді», - деп келтірген болатын спортшының сөздерін  inalmaty.kz сайты.  

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше