Спорт • 06 Ақпан, 2019

Республика балуандары Шымкентте белдесуде

580 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкентте  грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының V-ші жазғы спартакиадасы мен қатар Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

Республика балуандары Шымкентте белдесуде

Спорттың  40 түрінен 4 жылда бір ұйымдастырылатын аламан додаға еліміздің барлық өңірінен келген спортшылар бақ сынауда. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті спорт Дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов,  Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионы Дәулет Тұрлыханов және Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

«Елбасының спорт пен дене шынықтыруды дамыту жөніндегі бастамалары негізінде Шымкент қаласындағы Қажымұxан атындағы орталық стадионы ФИФА талаптарына сай толықтай жаңартылады. Футбол алаңының көгалына дейін қайта төселеді. Сонымен қатар шаһарымызда алып спорт сарайы салынады. Онда ойын алаңдарымен қатар, бокс, күрес залдары және су бассейні заманауи үлгіде болады. Шымкент қаласының спортшылары үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылады», дейді шаһар басшысы.

5 ақпан күні грек-рим күресінен бастау алған тартысты бәсекеде  балуандар мықтытылығын көрсетуде. Жарыс күнінде шаршы алаң төріне шыққан балуандар 5 салмақ дәрежесі бойынша чемпиондыққа таласты.  Алаң иелері сапында 55 келі салмақ дәрежесінде Рахымжан Рсалиев, 60 келіде Ринат Балташев, Нұрсұлтан Қалмұрзаев, 72 келіде Жахор Гучигов, Магомет Чухалов, 77 келіде Асхат Жаңбыров, Илиндар Сатаев , 97 келіде Әлімхан Сыздыхов, Лорс Дециевтер белдесіп, өзара кім мықтыны анықтауда. Боз кілем үстіндегі белдесуді даңқты балуан, ФИЛА мүшесі Даулет Тұрлыханов бақылап, қазылық етті.

Естеріңізге салар болсақ, бүгін сағат 16:00-де Шымқалада өтіп жатқан  күрестен Қазақстан Республикасы 5-ші Спартакиадасының финалдық кездесулері болады.

Нұршат ТӨКЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Шымкент

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше