Хоккей • 06 Ақпан, 2019

Шайбалы хоккейден өткен қысқы жастар ойындарында «Астана» командасы жеңімпаз атанды

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жарыс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы екінші орын, Қарағанды облысының хоккейшілері үшінші орын алды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Шайбалы хоккейден өткен қысқы жастар ойындарында «Астана» командасы жеңімпаз атанды

Астанада жастар арасында өткен III Қысқы жастар ойындарында шайбалы хоккейден жарыс өз мәресіне жетті. 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы кездесулер 30 қаңтар мен 5 ақпан аралығында «Барыс» СК-де ұйымдастырылды. Төрт жылда бір рет өтетін байрақты бәсекеде Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Алматы және Ақмола облыстарынан және Астана, Алматы мен Ақтөбе қалаларынан 8 команда шеберлік байқасты. Елордалық құрама сапында №10 спорт мектебінің хоккейшілері өнер көрсетті.

Мәдениет және спорт басқармасынан хабарлағандай, «Астана» командасы жарыста үздік нәтижеге қол жеткізіп, Жастар ойындарының алтын жүлдесіне ие болды. Турнир иелері ешкімге есе жібермей 21 ұпай жинады. 

«Жарыс жақсы өтті. Барлық қарсыластарымызбен бірдей ойнадық. Мақсатымыз – жеңіске жету болды! Қысқы жастар ойындарында бірінші орын алу мен үшін де, бүкіл команда үшін де, біздің мектебіміз үшін де аса маңызды.  Төрт жылда бір рет өтетін жарыста өнер көрсету – үлкен құрмет, оның үстіне, бірінші орын алдық! Біз клубтың атын шығаруға тырыстық, бұл ойымыз жүзеге асты деп ойлаймын», – деді «Астана» командасының шабуылдаушысы Богдан Петроченко.

Айта кетейік, ІІІ Қысқы жастар ойындарының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы екінші орын алса, Қарағанды облысының хоккейшілері қола жүлдені қанағат тұтты.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше