25 Қаңтар, 2019

Алматы облысының Райымбек ауданында алтын өндіріледі

1645 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы Елбасы Жарлығымен қайта ашылған Алматы облысының Райымбек ауданы аумағында табиғи алтын қоры мол. Қазір осы Нарынқол өңірдегі қазына мөлшерін зерттеу мен өндіру жұмыстарына дайындық жүріп жатыр.

Алматы облысының Райымбек ауданында алтын өндіріледі

Бүгінде аудан көлемінде алтын өндіру жобалары жасалып қойған екен. Еліміз бойынша алтын қазбаларын тәжірибелік-өндірістік өндіру мен бағалау ісіне мамандандаған «Gold Production» ЖШС Нарынқолдың қазынасын игеруге бел шешіпті. Алдағы көктемге қарай қарай алтын өндіруге кіріседі.

Райымбек ауданының Жамбыл ауылдық округі аумағында басталатын өндіріске  8 млрд 649 млн теңге инвестиция салынбақшы. Жобаны жүзеге асырылатын 2019-2026 жыл аралығында 80 шақты адамға жұмыс табылып тұр.

Жақында ауданның алтынын игеруге тағы екі компания қосылмақ. «СКН» серіктестігі мен «Нарынқол Голд» компаниясы алтын іздеу және  өндіру ісініе 3 млрд теңгеден астам қосымша инвестиция тартады.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы